Әр түрлі

2011 жылғы мерейтойлар

 

 

 

 

 2011 жыл  қазақстандықтар үшін мерейтойлы болмақ. Ол біріншіден ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы . Осыған орай  СҚО-ның еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі туралы  арнайы жинақ оқырманға жол тартады.

 Михаил Мелехин, СҚО мемлекеттік мұрағатының бөлім меңгерушісі:
 – Осыған орай 20 жасар еліміздің тәуелсіз жылдарында СҚО жеткен жетістіктері тізілген жинақ шығаруды жоспарлап отырмыз.
Жинаққа өңірімізде жасалған толағай істер енбек. Барлық саланың елеулі жеңістерін қамтуға тырысамыз.

Үстіміздегі жылы алты алашты бір тудың астына біріктірген  даңқты қолбасшы Абылайханның туғанына 300 жыл толады.

Михаил Мелехин, СҚО мемлекеттік мұрағатының бөлім меңгерушісі:
Көптеген ғалымдар, тарихшылар, зерттеушілер Абылайдың ақ үйі Солтүстік Қазақстанда болғандығын жоққа шығарған еді. Біз оның шындық екенін дәлелдейтін құжаттарды таптық. Мәскеу мұрағатынан келген мөрленген ескі жазбалар мен карталық схемалар  қазіргі Абылайхан резеденциясының орнында ханның қонысы болғанын растайды.

2011 жылы құрастырылған атаулы және есте қаларлық  оқиғалар күнтізбесінде өңіріміздің   талантты тумаларының туған күндері белгіленіпті.  

Михаил Мелехин, СҚО мемлекеттік мұрағатының бөлім меңгерушісі:
–  Сондай-ақ күнтізбеде Кеңес Одағының батырлары мен еңбек ардагерлері, облысымыздың дамуына елеулі үлес  қосқан азаматтар тізілген. Солтүстік Қазақстан үшін есте қалған атаулы күндерді табуға болады. Әрине мемлекеттік мейрамдармен қатар халықаралық дәрежеде тойланатын күндер де бар.  

Биыл облысымыздағы 40-қа тарта елді мекеннің  іргесі қаланғанына 115 жыл толады.

Жеңіс Ермұқанов