Құқық қорғау органдары

Жаңажылдық мереке күндері облыс полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды

 



Полицейлер ең алдымен жаңажылдық түндегі күн райының қаһарын ескерген көрінеді. Бірінші кезекте   өз бойларын билей алмайтын мас адамдар өз үйлеріне, туған- туысқандарына, немесе ауруханаға жеткізілді. Бұл күндері тұрақты мекен-жайлары жоқ қаңғыбастар да назардан тыс қалмады. Үсуден аман сақтау үшін қабылдап-бөлу орындарына жеткізілген олардың құжаттарының бар-жоғы және денсаулық жағдайлары тексерілді.  Жол полицейлері болса, облыс жолдарын қатаң бақылауға алып, жедел жағдай жөніндегі ақпаратты сағат сайын кезекші бөлімге жеткізіп отырды. Тәртіп сақшылары күннің суығына байланысты техникасы бұзылған жолаушыларға қолдан келген көмектерін көрсетті.  Мереке күндерінде ұрылар да демалмағанға ұқсайды.  Облыс бойынша 23 мүлік ұрлау фактісі тіркеліпті. Жалпы алғанда облыстағы жағдай қалыпты деп мәлімдеді полицейлер

Кәусар Аяпбергенқызы