Қоғам

Сахнагерлер Елбасының өкілеттігін ұзартуды қолдайды

 

  

 

 

 

 

Қаладағы бұл мәдениет ошағы еліміздің әр саяси қадамын, саңлақ көшбасшының білікті басшылығын бағамдап, азаматтық көзқараспен бағалап отыратын көрінеді. Елбасының өкілеттігін ұзартуды көздеген маңызды саяси науқаннан да тыс қалмай, ұжымдағы барлық 119 адам бірден қолдау көрсеткен. Театрдың көркемдік жетекшісі Виктор Шалаев бұл бастама біздің де көңілімізден шықты дейді.

  Виктор Шалаев,  Н.Погодин атындағы орыс драма театрының бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
 – Референдум – бұл еліміздегі демократияның, халықтың еркін таңдауының айқын көрінісі.
Мен сол халықтың Елбасымызды міндетті түрде қайта таңдап аларына шүбәсіз сенемін. Себебі Президентті сөзіне емес, ісіне қарап таңдаймыз. Ал оның бүгінге дейін істегендері тек халық игілігі үшін жасалды.  

48 жыл бойы сахнада қызмет етіп келе жатқан Виктор Шалаев  өз мамандығымнан түңілген кездер де болды, бірақ Елбасымыздың көрегендігі мен көшбасшылығына ешқашан күмәнданған жоқ едім деп ағынан жарылды. Оның пікірі миллиондаған отандастарының ойымен сәйкес келді.

  Виктор Шалаев,  Н.Погодин атындағы орыс драма театрының бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген әртісі:  
 – Бізде Нұрсұлтан Әбішұлының орнын басатын, оған тең келе алатын адам жоқ.
Сондықтан референдум өткізу туралы ұсыныс өте дұрыс шешім, табылған ақыл. Ең бастысы, қазіргі Президентімізге деген халықтың сенімі өте зор. Сайлау болғанның өзінде басқа адамның жеңіске жетуі мүмкін емес.
 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі құрған мемлекетін одан әрі де басқарып, өзі ұсынған ұлан-ғайыр жобаларды жүзеге асыруы тиіс дейді биыл мерейтойлы 125-ші маусымға аяқ басқалы отырған театр ұжымы.

 Кәусар Аяпбергенқызы