Балалар

Тілектер орындалған күн

  


 

Интернат бүлдіршіндері бүгін барлық күнделікті істерін ысырып қойып, Аяз атаға хат жазуға қызу кірісіпті. Олардың бірі қазір шана, қуыршақ, допты армандап отырса, «Болашақ»  отбасының кішкентай мүшесі Серік болса өз келешегін қатты ойлайды. Балалықпен ертерек қоштасқан жеткіншек, көп нәрсені білгісі келеді. Сондықтан болар, оның қалауы басқа балалардікіндей ойыншық емес екен.

  Серік Айтуаров:
 –  Маған Аяз ата домбыра әкелсе деймін.

Бұл балалар өздерінің шын сәбилік сеніммен Аяз атаға жолдаған хаттары оған жетіп, қиялдан ақиқатқа айналарына сенімді. Сонымен, ғажайып мереке басталып кетті. Оның сиқыры балалардың барлық хаттарын  сыйлықтарға айналдырып жіберіпті. Тек балалар көп болғандықтан қайырымды адамдар да Аяз атаға сыйлықтарды таңдауға көмектесіпті.

Демеушілер:  

4 бала бір ойыншық сұрапты. Енді сол баланың тілегін орындасақ па дейміз. Өзіміздің  отбасымыздың атынан барлығыңызды Жаңа жылмен құттықтаймын.
 – Саша Каюкина мынадай сыйлық алам деген екен. Департамент атынан Сашаға мына сыйлықты сыйлаймыз, денсаулығы мықты болсын.
 – Менің хатымның иесі Володя 4 сыныпта оқиды екен. Ол үстел ойынын сұраған екен. Мен бильярд алдым. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса екен, өйткені балалардың қуанышы баға жетпес байлық.

“Тілек шыршасынан” хат алып, өздеріндей балақандарды қуантуға кішкентайлар да ниет білдірді.

 – Құрметті Серікбай мен Бейнегүл, біз сенің хатыңды оқыдық. Біз ойыншығыңды алып береміз,қуантамыз, Жаңа жылың құтты болсын.

Енді өздері-ақ иелеріне жетуге асығып тұрғандай әдемі ойыншықтарды тағатсыздана күтіп отырған балаларға жөнелтетін кез келді. Міне, олар өздері де жаңа жылдың басты қонақтарын қарсы алуға әзір отыр. Көп күттірмей жеткен Аяз ата қуанышқа толы дорбасын бірден ақтарып, сыйлықтар  үлестірді.
Сыйлықтарын құшақтаған балалардың қуаныштарында шек жоқ.

Балалар:

 – Мен Аяз атадан домбыра сұрадым. Ол маған әкелді. Енді әнші боламын.
 – Маған оқуға қажет құралдар сыйлады. Мен өте ризамын. Барлығыңызға денсаулық, мол бақыт тілеймін.
– Менің де тілегім орындалды. Мына ойын маған қатты ұнады. Енді оны бәріміз бірге ойнаймыз, өте көңілді болады. Рақмет.

Бұл Жаңа жыл балалардың есінде көпке дейін сақталары хақ. Ендігісі олардың әр күні уайым-қайғысыз балалық бақытқа толы болуын тілеу және соған мүмкіндік жасау.

Кәусар Аяпбергенқызы