Балалар

Театрдағы Жаңа жыл мерекесі

 

 

 

 

 

Орыс драма театрының әртістері әр жаңа жылдың ерекшелігін ескере отырып, оны қызықты қарсы алуға тырысады. Осы жолы шығармашылық ұжым 2011 жылдың иесі – қоянды қонаққа шақырыпты. Сыйлықтарын арқалай келген Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге қызықты ойындар ойнатты.  Думанға  қу түлкі мен сайқымазақ та қосылды. Олар ән салып, би билеп жасөспірімдердің көңілін көтерді. Жаңажылдық шараға шәкірттерін ертіп келген оқытушылар  театр ұжымының өнеріне дән риза болды.

Светлана Ларкина,  № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

Меніңше, жаңа жыл бұл баршамыздың сүйікті мерекеміз. Жалпы мереке балалар үшін маңызды. Біз 10 мектеп оқытушылары мен оқушылары орыс драма театрына жыл сайын келіп тұрамыз. Бүгін қоян жылын тойлауға 100-ге жуық бүлдіршін жиналды.

Шыршаны айналып, жыл иесімен танысып,  Аяз атаға тілектерін білдірген бүлдіршіндер сән мен салтанатқа толы мерекеден алған әсерлерімен қуана бөлісті.

 Балалар:

-Маған түлкі қатты ұнады. Шыршаны айналып, ән салдық. Көңіл-күйім жақсы.
– Мен үшін бүгінгі күн қызықты өтті.
Себебі Аяз ата мен Ақшақарды көрдім.

Айта кету керек, театр әртістері балаларға тағы бір   сый жасады. Олар балғындарға арнап қиял-ғажайып «Сиқырлы сандық» спектаклін дайындапты. Шырша жанындағы шара аяқталған соң балалар үлкен залға қойылымды тамашалауға шақырылды.

  Борис Васко, Н. Погодин атындағы орыс драма театрының әртісі:
 – Спектакль желісі өте қызықты.
Балалар үшін тәлімі мол. Меніңше олар қойылымнан өздеріне көп үлгі алуы тиіс.

Гүлден Сәрсенбаева