Әр түрлі

«Қазтелекомның» жаңажылдық акциясы



 

Жаңажылдық акция желтоқсанның 30-ында басталады. Енді солтүстікқазақстандықтар еліміздің кез-келген нүктесіне жеңілдік арқылы хабарласа алады. Ал ақы көлемі абоненттің қай тәулікте телефон шалғанына байланысты белгіленеді.

  Наиля Першина, “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД Бас директорының орынбасары:
 – Кешкі 12-ден таңғы 3-ке дейін – 15 пайыз, 3-тен 6-ға дейін – 60 пайыз, демалыс күндері – 12-ден 3-ке дейін – 15, 3-тен 6-ға дейін – 60 және 6-дан кешкі 12-ге дейін – 25 пайыз жеңілдік көрсетілмек.

Халықаралық байланысқа жиі шығатындар үшін де жағымды жаңалық бар. Мәселен, Ресей, Украина, Германия, Англия мемлекеттеріне тариф біршама төмендетілген. Осы аталған елдерге 50 пайыздық жеңілдікпен телефон шалу мүмкіндігі туып отыр.
 

Тұрғындар:

-Бұл өте жақсы екен. Енді ұзағырақ сөйлесуге болады.
-Қандай да болмасын жеңілдік әрине бізді қуантады.

Осы аталған жеңілдіктерге қоса желтоқсанның 31-не дейін солтүстікқазақстандықтар интернет желісінің ең мықты дамыған түрі – “Мегалайн” қызметіне ақысыз қосыла алады. Ол байланыспен бірге модемді де төлемсіз қолдануға болады. Атап өтетіні, 2011 жылдың қаңтар айында “Мегалайнды” қолданушы 25 мыңыншы тұтынушы таңдалмақ. Бағы жанған азамат  “Қазақтелеком” АҚ атынан құнды сыйлыққа ие болады.  

Гүлден Сәрсенбаева