Балалар

Қуыршақ театрының жаңажылдық сыйлығы



 

 

“Аяз атаның сиқырлы таяғы” спектаклі – облыстық қуыршақ театры ұжымының ортақ шығармасы. Балдырғандардың жүрегін бірден жаулап алған қойылымда идея авторы Сапар Мәпенов сиқырлы айна рөлін сомдайды. Спектакльде айнадан басқа тағы 7 кейіпкер бар. Үшеуі ертегілердің жағымсыз кейіпкерлері мыстандар: Дурында Дурындовна,   Злодинея Генриховна,   Мамбо Каннибаловна. Міне осы үшеуі шексіз билікке қол жеткізу мақсатында Аяз атаның сиқырлы таяғын ұрлап алуды жоспарлайды және арам пиғылдарын сәтті жүзеге асырады. Дегенмен де, қойылым соңында ақыры әділдік жеңеді. Аяз ата таяғын жаңа жылға дейін қайтарып алады. Оқиғасы оң аяқталған спектакльден бүлдіршіндер жақсы әсермен қатар тәлім алып шықты.

 Балалар:
 – Маған мыстан кемпірлер ұнады. Олар жақсы билейді.
 – Маған Аяз ата, Ақшақар және ит ұнады. Ақшақар мен күшік Аяз атаға көмектесті.

Идея авторының айтуынша, қойылымның табысты болуы – барлық шығармашылық ұжымның  бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Сапар Мәпенов, облыстық қуыршақ театрының әртісі:
 – Бізде арнайы идея тобы жұмыс істейді. Онда Айгүл Қасенова  – театрдың көркемдік жетекшісі. Сол барлығымыз  біраз ойландық.
Содан осындай жақсы идея туды. Кейін сценарий құрып, музыка таңдап, сахнаны әзірледік. Бүгін міне спектакльді сахналадық.

Гүлден Сәрсенбаева