Балалар

Қала әкімінің шыршасы

 



Жаңажылдық көрікті шыршаның айналасына мүмкіндіктері шектелген, денсаулықтарында кінараты бар 70-ке жуық бүлдіршін жиналды. Олардың әрбірі Аяз атаға өзіндік сыйларын ала келіпті.  2 жасар Олеся үшін бұл алғашқы жаңажылдық кеш. Оның анасы Мария Федорова қызын кішкентай сүйкімді көбелек кейпінде киіндіріп әкеліпті.  

  Мария Федорова:

-Бізге осы мереке өте ұнады. Басқа балаларды, шыршаны көріп, қызым қатты қуанды. Сыйлық  та алдық.

Ал 8-дегі Мөлдір Габралиева өзінің сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлерімен танысқанына қуанышты.

  Мөлдір Габралиева:
 -Маған аю ұнады, қоян, Ақшақар ұнады.

Алыс жолдан тәттіге толы қапшығын арқалап келген Аяз ата мен Ақшақар балақайларға  көңілді мерекемен қатар жаңажылдық сыйлықтар тарту етті.

 Кәусар Аяпбергенқызы