Билік

Жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыс қорытындыланды

    
 

 

 

 

 «Нұр Отан» ХДП 2008 – 2010 жылдарға арналған жемқорлықпен күрес туралы бағдарламаны қорытындылады. Саяси ұйым өкілдерінің айтуларына қарағанда, жемқорлыққа байланысты тіркелген фактілер алғашқы екі жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Мәселен, 2008 жылы заңды және жеке тұлғалар комиссияға парақорлық туралы 210 хат жолдаған. Ал 2010 жылдың 10 айында ондай жағдаймен тек 81 адам ғана көмекке жүгінген. Халық тарапынан келіп түсетін өтініштерде жемқорлықпен қатар  әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін де көтереді. Алдағы уақытта осы қиындықтарды шешу жолдары қарастырылуда.

  Серік Алмолдин, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы:
 – Біз жемқорлықты болдырмас үшін үгіт-насихат шараларын жалғастырамыз. Бұрындары біз пара алушылардың келтірген залалын қарастырып келдік. Осы жерде енді оның пайда болу себебін анықтаған жөн сияқты. Әрине, бұл мәселеге байланысты ҚР заңдарын да жаңашаландыруды қарастырып жатырмыз.

Ағымдағы жылы облысымызда пара алғаны үшін 190 азамат жауапқа тартылған. Бұл тізімде білім беру саласы жиі аталады дейді партия өкілдері.

Гүлден Сәрсенбаева