Мәдениет

Бауыржан Момышұлының өмір жолы – ұрпаққа үлгі

 

 

 

 

 

Бауыржан Момышұлы – екінші дүние жүзілік соғыста талай қауіпті де маңызды операцияларды өткізіп,  ұрыстарының негізгі бөлігін жеңіспен аяқтаған даңқты қолбасшы. Бейбітшілік  жылдары халық қаһарманы қолына қалам алып, соғыс тақырыбында талай туындыларды өмірге әкелді.Майдандастарының отан қорғаудағы ерліктерін халыққа жеткізді. Бүгінгі конференицияға қатысушылар Бауыржанның әдебиет саласына қосқан үлесі жайлы кеңінен сөз етті. Әскери институттың бастығы Жұмабек Ахметов Бауыржан Момышұлын – әскери педагогика мен психология салаларында баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға деп санайды. Ол таяуда Шучинск қаласында өткен ҚР Қорғаныс министрлігінің қарулы күштері ұлттық университетінің ғылыми конференциясына батырдың осы саладағы таланты жайында баяндама дайындаған.

Жұмабек Ахметов,  ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының бастығы:
 –   Онда мен Бауыржанның “Соғыс психологиясы” туралы еңбегіне байланысты пікірлер білдірдім. Әсіресе оның әдістемесінің оқытудағы маңызы жайлы баяндадым.

Жастар болса  соғыста полк, дивизия басқарып, талай қиын шайқастарда жеңіске жеткен дарынды қолбасшыны  өздеріне үлгі санайды. Конференцияны ұйып тыңдаған курсанттар болашақта Бауыржанға ұқсағысы келетіндерін айтады.

Курсанттар:
 – Бүгін біз Бауыржан Момышұлы атамыз туралы  конференциясына жиналып отырмыз.
Бұл кісінің бізге көптеген әскери өмірде қалдырған істері көп. Және біз үшін, әскери қызметкерлер үшін маңызы бар.

-Бауыржан Момышұлы –  аты аңызға айналған қазақ батыры. Ол кісінің бізге қалдырған кітаптары, басынан өткенді жазғандары көп. Ол шындықты қалаған, ел қамын ойлаған.

Жалпы әскери институт жастары Бауыржан Момышұлының мол мұрасы  туралы сабақта да көп оқып, зерттейді.

Гүлден Сәрсенбаева