Мәдениет

Хирургтың жеке концерті

  

 

 

 

Адамға жеті өнер де аз демекші Серік Тоқпанов бойына бірнеше талант дарыған азамат. Медицина саласының алтын қол хирургі негізгі ісімен қатар шығармашылықты да ұштастырып жүреді.
Ақ халатты абзал жанның Петропавлға ат басын бұрудағы мақсаты – жергілікті хирургтерге шеберлік сағаттарын өткізу болатын. Алайда алыстан келген мейман өңір тұрғындарына тағы бір сый жасады. Ел арасында әншілік қасиетімен танылып үлгерген өнерпаз жергілікті тұрғындарға шығармашылық кеш тарту етті.

  Серік Тоқпанов, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
 – Мен облыс әкімінің шақыруымен келіп отырмын.   Хирургтерге мастер-класс өткізіп, оған қосымша концерт беруді ұйғардық. Концерт белгілі әртіс Арно Бабаджанянға арналады. Ол кісі тірі болса 90 жасқа келер еді. Енді сол адамның әндерін, оркестрлік шығармаларын береміз.

Концертке келгендердің арасында хирург  Серік Тоқпановтың негізгі ісімен қатар шығармашылығын да жақсы білетіндер аз болмай шықты.

 Көрермендер:
 – Бұл кісі алдыңғы жылы келген болатын. Дауысы әдемі. Республикамыздың қадірлі азаматы.
Біз ол кісінің шығармашылығын бірнеше рет естігеміз. Кешеден бері теледидардан көріп жатырмыз. Ол кісінің  қолымен тән емдеп, әнімен жан емдеп жүргеніне қуаныштымыз.

Кеште Серік Тоқпанов танымал композитор Арно Бабаджанянның   30-ға жуық туындысын  орындады. Хирургты әншілік қырынан таныған тыңдарман қауым концерттен рухани нәр алып шықты.

Гүлден Сәрсенбаева