Әр түрлі

Азиадаға арналған маркалар

 

 

 

 

 «Қазпочта» АҚ жаңа маркаларды «Спорт» сериясына енгізді. Бүгінгі күні бұл топтамада 43 марка бар. 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған конверт жапсырмаларының көлемі 28х40 мм. Әрбіреуінің таралымы 50 000 дана.

 Тамара Манцуровская, «Қазпочта» АҚ бөлім бастығы:
 – 1 блогта 4 марка бар. 1 маркада 7-ші қысқы Азия ойындарының символы болып есептелетін қар барысы пен спорттық жарыстың эмблемасы бейнеленген.
Маркада қысқы олимпиада ойындарының 3 түрі көрсетілген. Олар: трамплиннен секіру, мәнерлеп сырғанау мен фристайл.

Блогтағы әр маркаға өзіндік баға белгіленген.

  Тамара Манцуровская, «Қазпочта» АҚ бөлім бастығы:
 – Олимпиадалық белгі мен фристайл бейнеленген марка 190 теңге тұрса, трамплиннен секіру мен мәнерлеп сырғанау суреті берілген марканың құны 240 теңге.

Асыл Тойтаева туыстарына хат жолдау үшін конверт алуға келген. Жаңа маркаларды көрген бетте оны хат сыртына жапсырып, шетелдегі туыстарына жіберуді жөн көріпті.

  Асыл Тойтаева:
Мен мұнда хат жіберуге келгенмін. Хаттарды алғанда маған маркілер ұнап қалды. Ұнап қалды да, соны алуға ұйғардым.

7-ші қысқы Азия ойындарына арналған маркаларды пошта мекемелерімен қатар интернеттен де сатып алуға болады.

Айдана Демесінова