ТЖ

Жол полицейлерінің көмегі

 

 

 

 

Шымкенттен шыққан жүк көлігі Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының жанында тоқтап қалған. 35 тонна пияз артылған көліктің теріскейге жете жанармайы қатып, аязға шыдас бермей, қозғалтқыш өшкен. Жүргізуші мен оның жанындағы жолаушы орманнан жиналған шырпыны жағып жан сақтаған. Көмекке келген жол полицейлері бірнеше сағаттан кейін көлікке от алдырды. Құқық қорғаушылардың айтулары бойынша, жүргізушілер дизель отынының жазғы түрін таңдаған.

  Сергей Строганов,  СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:

  -Бензин әкеліп, көлікке от алдыруға көмектестік. Жылынған соң “Вольво” автокөлігі қалаға өзі жетті.

5 тонна жеміс артқан тағы бір көлік Петропавлдан 70 шақырым жерден табылды. Жол полицейлері жанармайы қатқан көлікті жақын жердегі ауылға сүйреп жеткізді. Азырақ бетін үсітіп алған жүргізушіге де көмек көрсетілді. Екі тәулік ішінде жол полицейлері 10 жүргізушіге көмек көрсетті. Облыс полицейлері ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты республикалық маңыздағы жолдарда тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады.

 Әсем Сембина