Балалар

«Есіл судың» балаларға жаңажылдық сыйлығы

  

 

 

 

Жаңа жыл қарсаңында “Есіл су” кәсіпорнының қызметкерлері орталық тәрбиеленушілеріне  сыйлық жасады. Әрбір бала тәттіге толы қоржынға ие болды.  Ересектердің ықыласына бөленген бүлдіршіндер айрықша қуанып қалды. Шарапатты шараны көрген әр баланың жүрегіне мейірімділік сезімі ұялары сөзсіз.

Нариман Ағзамов:

-Сыйлықтар ұнады. Көп-көп рақмет.
Бақытжан Нығмет:

-Бүгін бізге тәттілер сыйлады. Рақмет. Бәріне бақыт тілеймін.

Орталық мамандары бұндай ықылас балаларға қажет-ақ дейді. Олар үшін қамқорлықты сезінудің маңызы үлкен. Орталыққа демеушілік көмек жасап тұратын мекемелер бар екен.

Кәсіпорын өкілдері сондай-ақ балаларға жаңажылдық ойыншықтар сыйлады. Олар бірден шыршаны безендіруге кірісіп кетті.  Тірек-қимыл жүйесі зақымданған мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында бүгінде алтыдан он сегіз жасқа дейінгі 20 оқушы тәрбие алады.

 Айымгүл Әбілева