Құқық қорғау органдары

Есірткі тасыған студент ұсталды

 
 

 

 

Тексеру барысында қызметтік ит айналшықтап шықпаған “Тойота” автокөлігі бүгінде кеден басқармасына жеткізілген. Алғашқы мәліметтер бойынша Петропавл тұрғыны Омбы қаласына бара жатқанда кеденшілердің қолына түскен.

  Александр Семенчук,  СҚО кедендік бақылау департаментінің бас маманы:

-Кеденшілер алдымен көлік салонын тексергенде  ештеңе шыға қойған жоқ. Бірақ қызметтік ит артқы орындықтан жылжымай қойды.

Бір қарағанда автокөліктегі студенттің киімдері салынған сөмке де, гүл шоғы да ешқандай күдік тудыра қоймаған. Жүксалғыштың астынан шыққан алты бума кеденшілерді тағы да таңқалдырып отыр.
Сараптама мүшеқапқа оралған алты буманың марихуана екендігін анықтады. Жалпы салмағы 1 170 грамм. Яғни, аса ірі көлемдегі есірткі.

  Александр Семенчук,  СҚО кедендік бақылау департаментінің бас маманы:

– Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша заңнамаларға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес ұсталған азаматқа қатысты 15 жыл немесе одан да ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Облыс кеденшілері жыл басынан бері есірткі тасымалдауға қатысты 13 қылмыстық іс бойынша құжаттар дайындаған. 5 килограмнан аса героин, 600 грамм гашиш тәркіленді.

 Әсем Сембина