Спорт

Алмаз Серік ел чемпионатынан алтын алқамен оралды

 

 

 

 

 

 Алмаз Серік салауатты өмір салтын ұстанатын жеткіншектердің бірі. Ол 5 жыл қатарынан спорттың каратэ шинкиокушинкай түрімен шұғылданады. Қоңыр белбеу иесі көптеген дүбірлі жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен.

  Алмаз Серік,  каратэден ҚР чемпионы:
 – Маған каратэ ұнайды. Спорттың осы түрімен айналысу себебім – бұл спорт көп нәтижеге әкеледі.
Алдыма қойған мақсатым – көптеген жетістіктерге жету.

Елордада өткен ел біріншілігінде Алмаз бір де бір қарсыласына дес бермеді.


  Алмаз Серік, каратэден ҚР чемпионы:
 – Мен 5 рет жекпе-жекке шықтым. Оның бесеуін де ұтып, бірінші орынға ие болдым. Мен Талдықорған, Теміртау, Өскенмен, Астана қалаларының спортшыларымен жекпе- жекке шықтым.

Каратэ шинкиокушинкайдан өткен ҚР чемпионатында облысымыздың намысын 5 спортшы қорғаған. Тек Алмаздың ғана жұлдызы жанды. Спортшы 40 келі салмақ дәрежесіндегі сайыскерлердің арасында үздік атанды.

  Руслан Сәрсенбаев,  жаттықтырушы,  СҚО шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті:
– Солтүстік Қазақстан федерациясынан 5 бала қатысып, бірақ Серік Алмаз өте жақсы нәтиже көрсетті. Біздің федерациямыздың намысын қорғап, өте үлкен деңгейге жеткізіп, 1-жекпе-жегін 10 секундтың арасында ұтып алды. Соған да кубокке ілекті.

Қазіргі таңда өңіріміздің каратэшілері ақпан айында Ресейдің Түмен қаласында өтетін додаға қызу дайындалуда.

 Айдана Демесінова