Құқық қорғау органдары

Алимент төлеуден қашқандар көбейді

 

 

 

 Қалалық сот әкімшілігі бөлімінде алимент төлемей жүргендер мен борышкерлерді іздеу жөнінде 2,5 мыңнан астам акт жатыр. Ал жыл басынан бері ішкі істер органдарына тағы 700-ге жуық сот ұйғарымы келіп түсіпті. Бүгінде оның 87 пайызы қанағаттандырылды. Қазір тәртіп сақшылары  өз міндеттерін орындамай жүрген  басқа азаматтарды іздестіру үстінде. Үстінен шағым түскендерге  бүйте беретін болса, қылмыстық жазаға тартылатындарын ескертеді.  Алайда, борышкерлердің басым көпшілігі күндіз үйлерінде болмайды. Ал кей жағдайда тұрғындардың бір мекен-жай бойынша тіркеуде тұрып, басқа жерді паналап жүргендігі анықталады. Десе де соңғы жедел іздестіру шарасының барысында жауапкершіліктен бұлтарып жүрген қашқындардың біршамасы табылды.  Борышкерлер мен алимент төлемеушілердің тізімі облыстық газеттерде басылып тұрады. Сондықтан, жұртқа масқара болғысы келмегендер  мемлекет пен балаларының алдындағы қарызды мерзімінде өтегені жөн-ақ.

Жеңіс Ермұқанов