Әр түрлі

“Біздің бірге болғанымыз – бақыт”

 

 

 

Мұндағы аналар үшін 16-шы желтоқсан маңызды күн. Любовь Симонова Қазақстан тәуелсіздігін алғалы нәзік жандардың мүмкіндіктері молайды дейді. Кәсіп ашып, шаруа дөңгелентуге де жақсы мүмкіндік туды.

  Любовь Симонова, мүгедек балалар ұйымы төрағасының орынбасары :
Бұрын біз жиналатын қауымдастық болған жоқ. Мәселені шешу де қиынға соғатын. Қазір жағдай жақсарды.Мәселелерді кеңесіп, бірлесе шешеміз.

Әйел қоғамда белсенді болғанымен, ең алдымен ана екенін ұмытпауы керек. Олар үшін өмірдің ең маңыздысы да мәндісі – отбасы. Людмила Квашнина – 10 баланың анасы. “Мемлекет тарапынан азаматтарға деген қамқорлық жыл сайын артып келетіні қуантады,” – дейді зейнеткер.

  Людмила Квашнина, көпбалалы ана:
 – Қазір менің балаларым қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де еркін сөйлей алады. Бұрын олай болмаған. Мен әрқашан де қазақ тілін өзімнің ана тілім деп ойлайтынмын. Өйткені біз барлығымыз осында туып өстік. Біздің Қазақстан – жас республика. Сондықтан барлық жақсылық әлі алда.

Ақын Клавдия Чепурко Отанға деген сүйіспеншілігін өзі шығарған өлеңдер арқылы жеткізді.
 
Айдана Демесінова