Қоғам

Батыр бабаларға тағзым

 

 

 

Үш жүздің басын қосып, қазақтың жерін жоңғарлардан арылтқан хан Абылайдың ерліктерін бүгінгі ұрпақ үлгі тұтады. Ол тарихта қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде қалды. Батырдың есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналып отыр. Ұлық мерекенің алдында хан ескерткішінің басына жиналған жұртшылық, оның рухына тағзым етті.

Тұрғындар:

-Меніңше мұндай шаралар жиі өткізілуі керек. Жастар өз батырларын ұмытпауы қажет.
-Абылай хан, Ағынтай мен Қарасай батырлардың ерліктері жастарға үлгі болуы тиіс.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ағынтай мен Қарасай батырлардың есімдері де ұмыт қалмады. Жер бүтіндігі үшін өмірлерін ат үстінде өткізген барырлардың ескерткіші гүл шоқтарына толды.

  Зәмзагүл Қарманова,  қалалық білім бөлімінің әдіскері:
 – Бүгінгі гүл шоқтарын қоюға арналған шараға қала мектептерінің оқушылары қатысуда. 70-ке жуық бала келді. Олар гүл шоқтарын қоя отыра ағаларының батырлығын еске алып, үлгі тұтады деген ойдамын.

Гүлден Сәрсенбаева