МТРА жаңалықтары

Селекторлық кеңес

 

Соңғы үш-ақ  күнде біздің облыста қыс аяқталып, бірден жаз шықты деуге болады.Күннің күрт жылынуынан топырақ кеуіп қалды. Тіпті арамшөп шыға бастапты. Ылғал сақтау  науқанын жылдам өткізу- ең маңызды жұмыс. Өйткені мамыр айының ортасында сынап бағанасы 30 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп  отыр синоптиктер. Ал айдың соңында жауын-шашын мол түседі деген болжам бар. Сондықтан әр аудан әкімі  осыны ескеріп, алқаптарда ылғал сақтауды басты назарда ұстаулары керек. Өңірдегі 13 аудан ылғал сақтау шараларын біртіндеп бастап кетті. Осы күнге дейін 32 мың гектар алқап өңделді. Тұқым толығымен дайын. 63 мың тонна дизель отынының бүгінде 32 мыңы үшін ақы төленді. Биылғы қатты қыста техниканы толық сайлау мүмкін болмады. Шеберханалар қатып жатты. Бұл жұмысқа диқандар наурыз айында ғана кірісті. Жуырда жоспарланған іс   аяқталмақ. Кеңесте сондай-ақ өрттің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысы да пысықталды. Бұл мәселе де аймақ басшысының қатаң бақылауында.