Денсаулық сақтау

Балалар ауруханасы жөнделеді

 Нефрология бөлімшесі 14 жыл бойы жөндеу көрмепті. Алдымен мұнда терезелер мен едендерді ауыстыру қажет. Келесі жылы

 

бұл ғимарат жаңа кейіпке еніп, танымастай болып өзгереді.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
 – Облыстық бюджеттен қаржы бөліп, екі бөлімшеге жөндеу жасаймыз. Сонымен қатар, дәрігерлерге арналған компьютерлер мен эпилепсия диагностикасы үшін қажетті құрал алу да жоспарда бар.

Дәрігерлердің айтуынша, электроэнцефалограф аппаратының құны 3 млн теңге. Қызмет сапасы мен мамандардың біліктілігін арттыруға қатысты мұндағы ақ халаттылардың жоспарлары көп. Ал жергілікті билік оларды әрдайым қолдауға дайын.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Түмендік дәрігерлер біздің балаларымызға 7 жыл қатарынан ота жасап келеді. Алдағы уақытта сондай операцияларды өз күшімізбен жасау үшін біздегі мамандарды оқуға жібермекпіз.

Келесі жылы түмендік кардиохирургтар балалар ауруханасында жүрекке тағы 35 ота жасамақшы.

 Кәусар Аяпбергенқызы