Билік

Партиялық марапат

 

 

 

 

 Соңғы уақытта партия өкілдері мәжіліс залына өзекті мәселелерді шешуге жиналатын. Ал бүгінгі жиынға Ел тәуелсіздігі мерекесі арқау болған. Нұротандықтарды ұлттық мейраммен партияның облыстық филиалының төрағасы Серік Біләлов құттықтады.

  Серік Біләлов “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясының наградаларын табыс еткелі отырмыз. Бұл марапатқа ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыста партиялық ұйымды дамытуға өз үлесін қосқандар лайық деп танылды.

«НұрОтан» партиясының мүшелері   облыс өміріне белсенді атсалысады. Бүгінде партия өкілдері атқарушы билікте де, қоғамдық ұйым өкілдерінің арасында да бар. Ел тәуелсіздігінің 19 жылдығына орай партияның жоғары наградасы – кеуде белгісі – СҚ облыстық мәслихатының хатшысы Қайырлы Едіресовке тапсырылды.

  Қайырлы Едіресов, облыстық мәслихат хатшысы:
Депутаттар алқасы әрдайым атқарушы билікпен иық тіресіп еңбек етудеміз. Өзекті мәселелер де бірлесіп шешілуде. Осылайша, «Нұр Отан» да, билік те отандастарымыздың әл-ауқатын арттыруға үлес қосады.

Дәл осындай кеуде белгісіне қалалық мәслихат депутаты Анатолий Мишин ие болды. Ал партияның ең белсенді тағы төрт мүшесі   Құрмет грамотасымен марапатталды. «Нұр Отанның» ізбасарлары – жастар да елеусіз қалмады .  “Жас отан” жастар қанатының өкілдері алғыс хаттарға ие болды. Партияластарына жемісті еңбек етуді тілеген облыс әкімі алдағы 2011 жылдың ел тарихында ерекше орын алатынын атап өтті. Ендеше, нұротандықтарға жүктелген міндет те салмақты.

Гүлмира Шоқтыбаева