Балалар

«Көктем» клубының алғашқы тойы



 

Балалардың бойындағы қабілеттерін ашып, дамытуға көмектесу –  «Көктем» клубының көздеген мақсаты.  Мұнда жастар ән айтып, би өнеріне машықтанады, сурет салып, қолөнермен айналысады. Қысқасы өз көңіл қалаулары бойынша бос уақыттарын барынша пайдалы өткізеді.

  Ирина Маркина,  «Көктем» клубының қосымша білім беруші мұғалімі:
– Осы мерзім ішінде біз талай жетістікке жеттік, өстік.
Қала ішіндегі түрлі мәдени шаралардан қалыспаймыз. Қолөнер, ән байқауларына да үнемі қатысып тұрамыз.

Клубты  атаулы күнмен құттықтауға өздеріндей өнерлі жастар, «Юность», «Ровесник», «Мұрагер», “Олимпикс” клубтары мен “Дарын” өнер мектебінің тәрбиеленушілері келді. Сыйға  – ән мен биден шашу.
1 жыл бұрын клубпен бірге қызықты шығармашылық әлемге аяқ басқан бүлдіршіндер қазір  рухани өсіп, жетіліп қалды. 16 жасар Марина Анюховская ән айтады, би де билейді. Мерекелік концертті жүргізу бақыты да Маринаға бұйырыпты.

  Марина Анюховская, “Көктем” клубының тәрбиеленушісі:
 – Мен осы жерге 1 жыл бойы келіп, вокалдан сабақ алып жүрмін.
Өте көп нәрсе үйрендім деп айта аламын. Туған күнінде клубымызға әлі ұзақ жасасын дегім келеді.

Кәусар Аяпбергенқызы