Құқық қорғау органдары

Бұрынғы әкім бес жарым жылға сотталды

 

 

 

 

Лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталған болатын. Тергеу материалдары бойынша, Баржақсы Төлегенов Айыртау ауданының әкімдігіне 4 бөлмелі қызметтік пәтер сатып алуға бөлінген  690 мың теңге қаржының 130 мыңын ғана тиісті мақсатқа жұмсаған, ал  560 мың теңгені өз қалтасына салған. Айыпталушының одан басқа да қылмыстары бар. Барлық фактілерді жүйелей келе,  Айыртау аудандық соты Төлегеновті  ҚР ҚК 176- бабының 3-тармағы және 314- баптың 3- тармағы бойынша  5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Кәусар Аяпбергенқызы