Спорт

Биатлоншылар жарысы

 

 

 

 

4 күндік жарыста қала мен Қызылжар, Мамлют аудандарының жастары шаңғы тебудегі шапшаңдықтары мен атудағы мергендіктерін сынға салады. Жеңімпаз болып танылған 4 қыз бала мен 2 ер бала республика Кубогына жолдама алады. Желтоқсанның 23-28 күндеріне жоспарланған ел деңгейіндегі жарыс қысқы Азия ойындары өтетін алаңда өткізілмек.

  Александр Васильев,  қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
 -Биатлон аса күрделі және қымбатқа түсетін спорт түрі. Сондықтан бізде ол жоғары деңгейде дамыған деп айта алмаймыз. Дегенмен тырысып жатырмыз, былтыр 8 винтовка сатып алдық. Биылғы Азия ойындарына ,әрине, қатыса алмаймыз. Бірақ ел біріншіліктерінде үздік ондықтан көрінеміз деп үміттенемін.
  Арман Қасымов, сайысқа қатысушы:
 – Өткен айда мен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Елена Хрусталеваның жүлдесіне өткізілген Қазақстан чемпионатына қатысып, 3-ші орын алып қайттым. Бүгін де жеңімпаздар қатарына еніп, Ел кубогына өтемін деген ойдамын.

 Кәусар Аяпбергенқызы