Әр түрлі

Бас шырша жағылды



 

Биіктігі 20 метр бас шырша орталық алаңға орнатылған. Алып шыршаның жағылуын тамашалауға халық көп жиылды. Алаңда  театрландырылған ертегілік көрініс ұсынылды. Ал Аяз Аталар мен Ақшақарларды жұртшылық барынша қошеметтеп қарсы алды. Қалың қауымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады.  Жұрт тағатсыздана күткен сәт те жетті. Өңір басшысы Жаңа жыл мерекесінің басты нышаны – алып шыршаны жақты. Бір жарым мың түрлі -түсті сәуле беретін шам жағылып, орталық алаңды айырықша көріктендірді. Үстіміздегі жыл еліміз үшін толағай табыстарға толы болды. Қалалықтыр барыс жылының ел тарихында қалатынын айтады. Олардың  2011 жыл да Қазақстан үшін үлкен жетістіктерге толы болады деген сенімдері зор.

 Айымгүл Әбілева