МТРА жаңалықтары

Жол полицейлерінің рейді

Соңғы 4 ай ішінде жол-көлік апатынан қаза болғандар саны 54,6%-ға өскен. Қайғылы оқиғалардың көбеюіне қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы тікелей әсерін тигізіп отыр. Солардың бірқатарына баса назар аударуды рейдке шығар алдында басқарма бастығы жол сақшыларына қатаң тапсырды.

Ерлан Ақылбеков, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының бастығы:
-Көлік жылдамдығын арттыру, рөлде ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, мас күйінде рөлге отыру сияқты заң бұзушылықтар аса қатаң бақылауға алынсын.

Жол сақшылары осы міндеттерді талапқа сай орындауға атсалысуы керек.

744 экипаж тексеріс шарасын кешкі сағат 7 шамасында баста
ды, бұл кеште жүргізушілердің жол қозғалысы ережелеріне немқұрайдылығынан туындаған бірқатар тәртіп бұзушылықтар тіркелді. Мәселен, бір жүргізуші арнайы белгі қойылған жерде жаяу жүргіншіге жол бермей, өтіп кетті. Өзінің кінәсіздігін дәлелдеп баққанымен, оған хаттама толтырылды. Ал бір жас жігіт еш құжатсыз қала көшелерінде көлік жүргізіп жүргені анықталды. Оның телефон арқылы құжаттарын алғызғысы келген әрекетінен ештеңе шықпады. Оның көлігі айып тұрағына жіберілді. Рейдтік шара Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен ұйымдастырылды. Ал оған көлік апаттарының көбейіп кетуі себеп болған. Адам өлімі де өсіпті. Өңір аумағында ағымдағы жылы 91 жолкөлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 109 адам жарақат алып, 17көз жұмды.