Құқық қорғау органдары

Республикалық акция

 

 

 

 

Акция аясындағы басты жұмыс – тұрмысы жайсыз отбасыларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, алдын алу шараларын жүргізу. Бүгінге дейін учаскелік полиция инспекторлары тізімде тұрған 2257 отбасын тексеріп үлгерді. Нәзік жандардың құқығын қорғау ісіне полицейлермен бірге «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық ұйымы да атсалысуда. Учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлеріне кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар да қосылған. Рейд барысында арнайы топ халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, парақтар мен сенім телефондарын таратты. Шара барысында ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 1500 тұлға да назардан тыс қалған жоқ. Алайда тәжірибе көрсеткендей,  бұл істе жалғыз тәртіп сақшыларының күші жеткіліксіз. Жәбір көрген әйелдер полиция қызметкерлеріне уақтылы хабарласып отырса, нәтиже болар еді дейді тәртіп сақшылары. Республикалық «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы желтоқсанның 10-на  дейін жалғасады.

 Кәусар Аяпбергенқызы