Денсаулық сақтау

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты

 Өңірімізде өткір респираторлық ауруларға шалдығу 1,5 есеге төмендегені байқалады дейді санитар мамандар. Соңғы аптада қоздырғыш инфекциясын жұқтырған 1 193 жағдай тіркеліпті. Тыныс жолдары қабынып, ауру белгілері тіркелген науқастардың 71 пайызы  – балалар.

Ал тұмауға шалдыққандары жоқ. Десе де ауа арқылы жұғатын вирустардан ешкім сақтандырылмаған. Осыны ескерген өңір дәрігерлері тұмаудың алдын алудың бірден бір жолы  ретінде

 

кезекті қорғаныш дәрмектерін егу науқанын өткізді.

 Юрий Пузиков,  ҚР ДМ СҚО бойынша МСЭҚД бастығының орынбасары:
 –  Жұқпалы инфекцияның ағзада өршуіне жол бермеу мақсатында облысымызға 21 млн. теңгенің 11 833 дана вакцинасы жеткізілген.Жаппай егуден 17 мыңнан астам адам өтті, Оның ішіндегі осал саналатын қауіпті топтағы 11 мыңына ақысыз түрде жасалды.

Қауіпті маусым басталысымен аурудың дәл ошағын анықтайтын заманауи құрылғылармен жабдықталған зертханада 146 вирусты материал зерттелді. Санитар мамандардың осындай кешенді жұмыстарының нәтижесінде ауа арқылы жылдам тарайтын вирусқа тұсау салынды.

Юрий Пузиков,  ҚР ДМ СҚО бойынша МСЭҚД бастығының орынбасары:
Алайда Денсаулық  сақтау министрлігі тұмау алдағы жылдың қаңтарында өршуі мүмкін және көктемнің басында қайта айналып келеді деген болжам жасап отыр. Алдағы уақытта суыққа иммундық жүйесі төтеп бермегендердің саны артатыны анық. Карантиндік режим де болуы мүмкін. Сондықтан жерлестеріміз жылы киініп, уақытында ем алса, дұрыс болар еді.

 Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тауып дәрумендер ішкен дұрыс. Әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін жерлестеріміз де жақсы түсінеді.

 Тұрғындар:

– Алдын ала сақтанып, дәрі ішеміз. Ауырсақ, дәрігерге барамыз. Ең бастысы, жылы киініп жүру керек.
 – Тұмаумен ауырмас үшін егілдік. Оксолин майын жағамыз.

Жалпы тұмауды жұқтыру қаупі бар эпидимиологиялық маусым келесі жылдың мамыр айына дейін созылмақ.

Жеңіс Ермұқанов