Қоғам

ЕҚЫҰ саммитіне арналған дөңгелек үстел

 

 

 

 

Әлемнің дамыған елдерінің мемлекет басшылары бас қосқан Саммит діттеген мақсатына жетті. Бұл  Қазақстан жұрты үшін айтулы оқиға болды.  Әрқайсысы өз мүддесін көздеген осынша мемлекеттер басшыларының ойларын бір арнаға тоғыстырып, Астана декларациясын қабылдау оңай жұмыс емес. Аталмыш құжаттың мән-маңызы туралы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен жиында  сөз болды.  

  Сергей Худяков, “СҚО Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы:
 –  Саммитті сырттай бақылаған адам үшін оның деңгейі аса білінбеуі мүмкін. Бірақ соның ортасында болып, басқа мемлекет басшыларының айтқан сөздерін естігенде Қазақстанның халықаралық аренадағы қазіргі айшықты рөлін көзбен көргендей боласың.
Бұл саммит ОБСЕ және Қазақстан тарихындағы өте елеулі оқиға болды.

Саммит басталардан 1-2 күн бұрын Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында үкіметтік емес ұйымдардың баспасөз мәслихаты болған екен.  Батыс елдері, соның ішінде АҚШ-тың ресми өкілдері қатысқан жиында СҚО «Белсенді жастар» бірлестігінің атынан Сергей Белов болып қайтыпты.
Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері ЕҚЫҰ-ға төрағалықтың Қазақстан үшін ашатын жаңа мүмкіндіктері жайлы сөз етті.

  Сағындық Салмұрзин, “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығының  атқарушы директоры:
-Әр келген қонақтың сөзінен естілгені біздің қонақжайлығымыз, татулығымыз.
Мынау жайнап тұрған Астанамыздың пайда болуы, бәрі татулықтың негізі. Бұл біз үшін мәртебе.

Қазақтан тарапынан көп қажыр-қайраатты  талап еткен ұзақ келіссөздерден кейін Саммитте Астана декларациясы қабылданды. Бұл еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің жүгін ел болып жұмыла көтеруге жасалған алғашқы, әрі маңызды қадам дейді жиынға қатысушылар.

Кәусар Аяпбергенқызы