Қоғам

ЕҚЫҰ Астана Саммитінің қорытындылары

  

 

 

 

Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өткен күндері Астанада демалыс жарияланды. Делегаттардың кездесулері ұйымдастырылған аумақ толықтай бақылауға алынған. “Шабыт” сарайында орын тепкен баспасөз орталығында қарбалас. Бұл жерде әлемге аттары жақсы таныс БАҚ өкілдері жиылған. Журналистерге Қазақстанда болып жатқан саммит туралы ақпаратты  дүние жүзіне тарату үшін соңғы үлгідегі қондырғылар қойылыпты. Латвияның тәуелсіз газетінің тілшісі Юрис Пайдес Астанаға бірінші рет келіп тұр екен. Саммиттен үш күн бұрын  Елордаға ат басын тіреген журналист қаланың әсем орындарын аралап үлгеріпті.
Үндістандық «АфроАзия» газетінІң  тілшісі Рэню Мальхотра да саммиттің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айтады.

Рэню Мальхотра,  «АфроАзия» газетінің шеф-редакторы, Үндістан:
-Біз мемлекетті осыншама дамып кеткен деп ойлаған жоқпыз. Саммит те керемет ұйымдастырылған. Саммитте дүние жүзін толғандырып отырған мәселелер көтерілді. Көптеген елдердің басшыларының келуі саммиттің жақсы жолға түскенін аңғартады.

Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша Саммитке 1,5 мың журналист рұқсат алған. Олардың 600-і алыс және жақын шет елдерден. Оның үстіне делегаттар да бар. Осыншама көп қонақты Астана бұрын-соңды қабылдамапты. Елорданың топырағына аяқ басқан әр делегацияны Президент Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды. Саммитке 38 елдің Президенттері мен үкімет басшылары қатысты. Сондай-ақ халықаралық және аймақаралық ұйымдардың өкілдері де бар. Олардың арасында БҰҰ және ОБСЕ бас хатшыларын атап өтуге болады. Жалпы саммит посткеңестік елдердің аумағында бірінші болып Қазақстанда өтіп отыр. Жиында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  ЕҚЫҰ реформалау қажет деген ұсыныс жасады. Сондай-ақ оның қызмет ету аясын кеңейту керек деді.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Мы предлагаем расширить количество корзин и институтов в нашей организации. Первое это экономический прагматизм. Это краеугольный камень в нашей в системе безопасности ХХI века. Первая идея – это усилия  по укреплению экономической безопасности могли бы стать приоритетными, а финансово-экономическая безопасность выделена в качестве отдельной корзины. В настоящий момент глобальная экономика также нуждается в новой мировой резервной валюте. Этот вопрос заслуживает особого внимания.

Көптеген мемлекеттер Қазақстанның ұсынысын қолдады. Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев ұйымды реформалауға қатысты бірқатар бастамаларын ортаға салды. Қазақстан беделді ұйымға төрағалық ете бастағаннан-ақ сырт елдердегі жанжалдарды реттеуге белсенді түрде қатысты. Осылайша Қазақ елі Еуропа төріндегі төрағалыққа үлкен дайындықпен келді. Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев Батыс пен Шығыстың қарым-қатынасын жақсарту мәселесін көтерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
 – Казахстан приветствует взаимодействие РФ с НАТО. Также заслуживает внимание предложение Дмитрия Медведева о новом договоре по европейской безопасности. По линии Север-Юг, нам представляется актуальным установить тесные взаимоотношения с рядом азиатских стран. Казахстан готов стать связующим звеном евразийской безопасности. Мы готовы использовать связи в следующем году на всем пространстве Евразии.

Елордаға  жиналған делегаттар Ауғанстан, Косово, Қарабах елдеріндегі тұрақсыздық жайын да сөз етті. Оларды шешу жолдары да қарастырылды. Нақты қабылданған шешімдер Астана декларациясында көрініс тапты.

  Марк Перрин де Бришамбо,  ЕҚЫҰ бас хатшысы:
– Астанинский документ может внести новую силу в нашу организацию. Программа наделит нас новой силой.

Саммитке қатысушылар келелі мәселелер бойынша  бір келісімге келе білді. Маңызды жиын соңында ЕҚЫҰ Саммитінің декларациясы қабылданды.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаның тарихта қалатынын айтты.

Дана Ғизатова