Әр түрлі

Желтоқсандағы ауа райы

 

 

 

Қылышын сүйреткен қыс та жетіп қалды. Солтүстікқазақстандықтар оның қаһарлы мінезін бірден байқады. Бет қарыған аяз, өткір жел, қалың жауған  қар.  

  Гүлзат Ғазизова, СҚО метеорология орталығының метеоболжау бөлімінің бастығы:
-Бірінші онкүндікте 1-5-не дейін ауаның температурасы түнде 15-20-дан, кей жерлерде 10 градус аяздан 20-25, 30-32-ге дейін аяз болуы мүмкін.

Ал айдың соңында ауа температурасы тіпті 33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. 28-29 желтоқсанда түнгі температура 13-18 градусты шамасында, ал жаңажылдық түнде, яғни желтоқсанның 31-інде 19-24 градус аяз болуы ықтимал. Ғаламторда қаптап жүрген ырымдарға сенсек, қарлы қыс астықтың шығымдылығын болжайды. Ендеше биылғыға қарағанда келесі жыл әлдеқайда берекелі болмақ.

  Гүлзат Ғазизова, СҚО метеорология орталығының метеоболжау бөлімінің бастығы:
– Жауын-шашынның айлық мөлшері көп болады. Бірінші онкүндіктің басында және екінші жартысында, екінші онкүндіктің ортасында кей жерлерде қар жауады.

Өңірімізде желтоқсандағы ең төменгі көрсеткіш – 44 градус аязды термометр бағандары соңғы рет 1929 жылы көрсетіпті. Ал керісінше 4 градус жылылық 1967 жылдың желтоқсанында тіркелген.

 Кәусар Аяпбергенқызы