Спорт

Жүзуден Қазақстанның ашық кубогы

 

 

 

 

Жасөспірімдер арасында жүзу спортына бейімделушілер жыл сайын артып келеді. Қазақстанның былтырғы ашық кубогына 200 бала қатысса, биыл олардың саны 250-ге жуық. Сайыстың қуантарлық ерекшелігі де осы дейді спорт мектебінің директоры.

Теміртас Әлжанов, “Дельфин” балалар мен жасөспірімдердің олимпиада резерві спорт мектебі:
Биыл үшінші жыл Петропавлда Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Барлығы 9 команда келді. Жылдың басында әлем чемпионаты өтеді. Соған Қазақстан құрамасы кіреді деп ойлаймыз. Екінші мақсатымыз өзіміз өткізген соң жас балаларды да жарысқа қатыстыру.

Жарысқа Алматы, Тараз, Павлодар, Теміртау қалаларының командалары келген. Старт белгісі естілісімен кіші топтағы ер балалар жарысты бастап кетті. Ақтөбелік Айбек Қамзановтың 8 жылғы тәжірибесі өзінің жемісін берді. Ол әзірге екінші орында.  

 Айбек Қамзанов, сайысқа қатысушы, Ақтөбе облысы:
ен екінші болып келдім. Келесіде бірінші келуге тырысамын және  1-ші орын алғым келеді.

Ал ересектер арасындағы еркін жүзуде алғашқы межеден 20 жасар Артур Дильман көрінді. Азия ойындарының қола жүлдегері өз шамасы мен 10 жылдық мол тәжірибесін әр додада еркін дәлелдеп жүр.

 Артур Дильман, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
 -Мен әр кезеңде алдымен өз дәрежемді дәлелдеуім қажет. Бұдан соң Дубайда өтетін әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын.  

Қазақстан чемпионы деген құрметті титулдың иегерлері екі күн ішінде анықталатын болады. Жеңімпаздар Астанада өтетін ел Кубогының екінші кезеңіне жолдама алмақ.

Кәусар Аяпбергенқызы