Қазақстанның сақтандыру нарығында 40-қа жуық компания бар. Соның ішінде үлкен беделге ие болып үлгергендердің бірі – “Казахинстрах” АҚ. Бүгінгі таңда компания агенттері республикамыздың 18 қаласында жұмыс істеуде. Сақтандыру орталығы мамандарының басты мақсаты – клиенттеріне жоғары стандарттарға сәйкес жедел, әрі сапалы қызмет көрсету.
Марат Әубәкіров, СҚО бойынша “Казахинстрах” АҚ филиалының директоры:
-Соңғы үш жылдың ішінде облысымызда астық өсірумен айналысатын шаруашылықтарға 70 миллионнан астам теңге көлемінде қаржы төледік. Ол құрылымдар құрғақшылықтан жапа шеккен болатын.
Кездесу барысында сақтандыру компаниясының қызметкерлері мен тұрақты клиенттері жұмыстың алға басуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. «Казахинстрахпен» тығыз қарым-қатынас жасап келе жатқан басқа ұйымдар өкілдері компанияға өз тілектерін жолдады.
Жомарт Қажрақымов, ҚР Ұлттық Банкі СҚОФ директоры:
– Менің атап өткім келетіні “Казаинстрах”- сақтандыру компаниялары арасында ең үздік үштіктің құрамына кіреді. Компанияның жұмыс жүйесі халықаралық талаптарға сәйкес. Сақтандыру орталығына қаржылық тұрақтылық тілеймін.
Сақтандрудың 64 бағыты бойынша жұмыс істейтін орталықтың қызметі клиенттердің оң бағасын алған. Сондықтан компанияның қызметіне жүгінушілердің қатары артып келеді.
Жангелді Тәжин, қалалық мәслихат депутаты:
– Біз бұл компанияға жаңадан қосылған клиентпіз. Бізге осы компанияның қызметкерлері келіп, сақтандыру полистері бойынша барлығын жақсы түсіндіріп берді. Осылайша жұмыстарына деген қызығушылығымызды туғызды. Мәселен, ауыл шаруашылығын сақтандыру бойынша төлеген ақшалары көңіліме қонды.
Сақтандыру компаниясының Астанадағы филиалының бас менеджері Павел Каунов жиылғандарға сақтандыру нарығындағы жаңалықтар жайлы айтып берді.
Павел Каунов, “Казахинстрах” АҚ Астана қаласындағы филиалының бас менеджері:
–Сақтандыру компаниясын таңдамас бұрын оның қаржылық қорымен танысу керек. Ал оны газет, интернет арқылы байқаған жөн. Әсіресе, компанияның жыл сайын сақтандырушыларына қанша көлемде ақша төлейтініне баса назар аударыңыздар.
Танымдық бағыттағы семинардан жерлестеріміз өздеріне пайдалы мағлұматтар алып шықты.
Гүлден Сәрсенбаева