Мәдениет

«Жас дарынның» концерті

 

 

 

 

 
“Жас дарын” өнер мектебінің тәрбиеленушілері кезекті тоқсанның қорытынды концертіне дайындалу үстінде. Өнерпаздар бұған үйреніп қалғанымен, сахнаға шығуға санаулы минуттар қалғанда жүздерінде толқу байқалады.

Дарина Ғалитова:
Мен №6 қазақ мектебінің оқушысымын. Қазір концерт беруге дайындалып жатырмыз. Сәл қобалжу бар. Бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын. Бүгін “Теңізші” туындысын орындаймыз.

Бұл жолы өңіріміздің дарынды оқушылары аспаптар әлеміне саяхаттады. Түрлі халықтың үрлемелі, шертпелі, соқпалы, клавишті ұлттық аспаптарын бір концерттік бағдарламада тоғыстырған жас дарындар  әуендер ойнап, олардың сүйемелдеуімен жанды дауыспен ән шырқады. Дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат оқушысы Жалғас Жұмабаевтың домбырада ойнап жүргеніне осымен 4 жыл болды. Бүгінгі кеште Жалғас жетекшісі Әлия Мәкеновамен бірге Ахмет Жұбановтың “Қарлығаш” туындысын орындап берді.

  Жалғас Жұмабаев:
 – Домбыра ол қазақтың халық дәстүрі. Мен оншақты күй үйреніп алдым. Менің мақсатым күйлердің санын көбейтіп, ата-бабаларымның өнерін жалғастыру.

Өнер мектебінде 7 бөлім жұмыс істейді. Бүгін үйірмелерге қатысушылардың музыка әлемінен алған білімдері көрсетілді.

  Самат Біләлов,  “Жас Дарын” өнер мектебінің директоры:
Мүмкін бүгін кейбірін қатарластарының өнері қызықтыр деген оймен концертке қала мектептерінің оқушыларын шақырдық. Тәрбиеленушілеріміздің шеберлігін шыңдау үшін келесі жолдары әр бөлімнің жеке концерттерін ұйымдастырамыз.

Сондай-ақ облысымыздың өзге де өнерпаздарының басын қосатын үлкен концерттік бағдарлама жоспарлануда.

Жеңіс Ермұқанов