Мәдениет

Қуыршақ театрының арнайы мектеп-интернаттағы қойылымы



 
Облыстық қуыршақ театрының ұжымы тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне сыйлық жасап отыр. Жасөспірімдер әртістердің өнерін театр сахнасынан талай рет тамашалаған болатын. Ал осы жолы сахнагерлер оқу орнына өздері келіп, балдырғандарды қуантты.

  Шәрбану Уәлиева, облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі:
-Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық қуыршақ театры өзінің қойылымдарын қойып жатыр бізге.
Оған біз үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің балаларға өте ұнайды, мағынасы бар. Қуыршақ театрына үлкен рақметімізді білдіреміз. Әрдайым балаларды қуантып жүреді.

Қойылымды 1- 6-шы сынып оқушылары тамашалап, жақсы әсерге бөленді.

Балалар:
 -Маған осы спектакль ұнады. Өте күшті әртістер ойнайды. Осы әртістер жиі келіп отырса ғой. Осы спектакль өте жақсы, ұнады. Рақмет сіздерге.
– “Мен, сен және қуыршақ иесі» қойылымы маған өте ұнады.Қойылым өте қызықты болып жатыр. Оларға көк-көп рақмет. Және тағы келсін деген ниет білдіреміз.
-Маған осы көрініс ұнады.Қуыршақ театрын жаңа жылда күтеміз.

Қойылым аяқталғаннан кейін мектеп-интернат шәкірттері меймандарға өз қолдарымен жасаған кестелі суретті сыйға тартты.

Айдана Демесінова