Денсаулық сақтау

«Үй дәрігері»



 

 

Бұл құрылғыларды тірек-қозғалыс аппараты мен тамыр жүйесі, лор аурулары, геморрой, простатит,жарақат, күйік және басқа да дерттердің алдын алу және емдеу үшін үйде пайдалануға болады. Көпшілікке танымал аппараттар – АЛМАГ және МАВИТ. Олар ісіну, қабыну және ауыруды басатын импульстық магнит өрісі арқылы әсер етеді.
АЛМАГ остеохондроз,   остеоартроз, шорбуын (артрит), жарақат салдарларын, қан қысымының артуын, тромбофлебит және тағы басқа дерттерді  емдеуге арналған. МАВИТ құралы созылмалы простатитті, 1-ші және 2-ші дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюын (аденома)  емдеуге пайдаланылады. 
 Құрылғылардың барлығы зауыт бағасымен сатылады. Көрме 27-қарашадан 30-қарашаға дейін жалғасады. Оны Пушкин көшесі, 67-ші үй мекен-жайында орналасқан дәріханада көруге болады. Тел.49-25-60

Айдана Демесінова
 

 

Бас әскери прокурормен кездесу  

Әскери институтта Петропавл гарнизонының әскери- қылмыстық қудалау басқармасының ведомствоаралық жиыны өтті. Маңызды кездесуге ҚР Бас әскери прокуроры  Ерғали Мерзадинов қатысты.

 

Отырыста әскерилер арасындағы қылмыстық жағдайлар сөз болды. Өткен жылы СҚО гарнизонда 15 қылмыс жасалса, биыл ондай заңсыздық 2-уге артқан. ІӘ-де өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары да кездеседі. Республиканың бас әскери прокуоры алдын алу, тәрбие жұмыстарына аса үлкен мән беру керектігіне тоқталды.

Ерғали Мерзадинов, ҚР бас әскери прокуроры:
-Соңғы бір жарым жылда заңды бұзуға байланысты шамамен 600-700-ге жуық факті тіркелген екен. Талабымыз  – әскерде қылмысты болдырмау. Өкінішке қарай біздің әскерилер арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактісі жиі тіркеледі.
Осы орайда алдын алу шараларын өткізудеміз.

Гүлден Сәрсенбаева