Білім

«Ән әлемінің падишасы»

 

Колледждің 3-курс студенті мемлекеттік тілде білім алады. Қазақ тілін жетік меңгерген қыз Шәмшінің әндерін

 
Мағжанның сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Сен сұлу» атты әсем әнін Лариса Зуева орындады.

 

орындау үлкен қуаныш екендігін айтады.

  Лариса Зуева, Петропавлқ құрылыс экономика колледжінің студенті:
 –Маған Шәмші Қалдаяқов ұнайды. Менің ойымша, қазіргі жастар оның кім екенін білмейді, көптеген өлеңдері ұмытылып жатыр. Осы кеш – оны еске алу деп айтуға болады. Осы кеште біз әндерін айтып, Шәмшіні  жұртқа танытпақшымыз.

Аталмыш оқу ошағында мұндай кештер жиі ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі әдеби шара артына өлмес мұра қалдырған ұлы композиторға арналды.

  Махаббат Байбосынова, Петропавл құрылыс экономика колледжі директорының орынбасары:
 – Шәмші шығармаларын біздің колледж студенттері  тереңінен үйреніп, оны бүгін бүкіл көрермендер қауымына ұсынып отыр.

«Ән әлемінің падишасы» әдеби- сазды кеші көрермен көңілінен шықты. Жиылған қауым  ұлы сазгердің туындыларын тыңдап, үлкен әсер алып тарқасты.

Студенттер:
Маған Ш.Қалдаяқовтың  шығармашылығы өте ұнайды. Бүгінгі кеш  жақсы өтіп жатыр.
Маған Ш.Қалдаяқов өте ұнайды. Мен осы кешке келіп отырғаныма қуаныштымын. Ш.Қалдаяқовтың өлеңдерін әрқашан білуіміз керек. 



 

Айдана Демесінова