Білім

Шекарашы болғың келсе …

 

  

 

 

 

 Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің әскери институты еліміздегі шекарашылар  даярлайтын бірегей оқу орны. 80 жылдық тарихы бар әскери институтта 200 оқытушы, 8 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты білім береді. Олардың 30 пайызы сол оқу орнының түлектері.

  Бағдат Диханбаев,  ҚР ҰҚК әскери институтының офицері:
 Бізде болашақта өмірін әскери саламен байланыстырамын деген жас балалар оқиды.  Онда жоғары әскери білім алады, лейтенант әскери атағын алады. Бітірген соң жұмыспен қамтылады.

Болашақта отанына адал қызмет етіп, шекарашы боламын дегендерге арнайы дайындалған фильм көрсетілді.  Қонақтар бұған дейін Павлодар, Қарағанды қалаларын аралаған. Қызығушылық танытқан қыз-жігіттер аз емес дейді олар. Жыл сайын әскери институт шамамен 300 курсант  қабылдайды. Олардың арасында петропавлдықтар да бар.

 Кәусар Аяпбергенқызы