Өнеркәсіп

«ЗИКСТО» ел экономикасын дамытушылардың алдыңғы қатарында

 

Бұл кәсіпорын облыста алғашқылардың қатарында индустрия саласын дамытуға ниет танытты. Бүгінгі таңда “ЗИКСТО” АҚ-ы шығарған 400 жартылай вагон Қазақстан экономикасына жұмыс істеуде. Ал үстіміздегі жылы зауыт астық тасымалдауға арналған вагон-хоппер мен контейнертасымалдаушы  құрастырды. Жуық арада хоппер барлық рұқсат  қағаздары мен сертификат алып,  өндіріске жөнелтілуі мүмкін. Бұнымен қатар зауыттағылар  алдағы жылдарға жаңа жоспар құрып отыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша, бүгінде ЗИКСТО зауытының екі жобасының бірін іске асыру жағы шешіліп жатыр.

Айымгүл Әбілева