Құқық қорғау органдары

Бопсалаушы ұсталды

 

 

 

Таяуда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданып, белгісіз біреудің оның баласынан мәжбүрлеп ақша алып жүргенін хабарлаған. Бұзақы жәбірленушіден үш мың АҚШ долларын талап етіпті. Ал бермесе ұрып-соғамын деп қорқытқан. Ақшаның бір бөлігі бопсалаушыға берілгеннен кейін жедел әукілдер «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімінің жауынгерлерімен бірлесіп, күдіктіні Сәтпаев көшесіндегі үйлердің бірінде ұстаған.

  Қайырбек Сәрсенбаев,  СҚО ІІД ҰҚҚКБ бөлім бастығы:
Тінту барысында куәгерлердің көзінше 28 жастағы жігіттен 30 мың теңге тәркіленді. Сезікті ақша алғанын мойындады, бірақ бұл ақшаны жәбірленуші өз еркімен, қарызын өтеу мақсатында берді деп ақталуда.

  Күдікті:

-Ол менен қарызға ақша алған болатын, бүгін қарызын беруге шақырып, ақшаны берді, ал мен лифттен шыққан кезде мені осы жерде ұстады. 

Қазіргі кезде ұсталған ер адамның екі бірдей бопсалаушылық жасағандығы анықталды. Оның үстінен ҚР ҚК 181- бабының 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 Гүлден Сәрсенбаева