Құқық қорғау органдары

20 мың теңге пара алғаны үшін 2 жыл отыратын болды

 

 

 

 

Ағымдағы жылы шенеунік өз кабинетінде пара алып жатқан жерінде қолға түсіп, қамауға алынған болатын. Құсайынов өртке қарсы техника талаптары ескерілмей салынған тұрғын үйді қолданысқа беруге болады деген актіге өзінің қолын қою үшін кәсіпкерден 20 мың теңге талап еткен. Кәсіпкер жемқорлыққа жол бермеймін деп қаржы полициясына хабарласқан. Енді пара алушы тиесілі жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейді.

Дана Ғизатова