Құқық қорғау органдары

200 кг есірткі өртелді

 

 

 

 200 килограмм марихуананы облыс аумағына әкелгендерді полицейлер арнайы операция барысында қолға түсірген. Ірі көлемдегі есірткі жүк көліктерінде пияздың арасына жасырылыпты. Ал есірткінің иелері – Жамбыл облысының ерлі-зайыпты тұрғындары бүгінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Бір қап марихуана колледждер мен лицейлер оқушыларының, кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша есепте тұрған балалардың көз алдында өртелді. Ал қалған бірнеше қап есірткі локомотив депосының пешіне салынды. Бұл жыл басынан бері тәркіленген ең ірі көлемдегі есірткі.

  Айдар Хабибуллин, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

-Жыл басынан бері ішкі істер департаментінің қызметкерлері есірткі сақтау, сатуға қатысты 373 қылмыстың бетін ашты. 424 килограмм тәркіленді. 1 килограмм100 грамм героин алынды.

Әсем Сембина