Әр түрлі

Айт қабыл болсын!

 

 

 

 

 

Үш күнге созылатын діни мереке Ораза айтынан кейін 70 күн өткенде келеді. Айттың алғашқы күні мұсылман жұрты әдемі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барады. «Қызылжар»  орталық мешітіне жиналған қауымның қатары бұл күні өте қалың болды.  Айт намазының оқылып бітуі Ұлы мереке Құрбан айтының басталуын білдіреді.

  Қасымхан Абдоллаұлы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:
 –  Мұсылман күнтізбесі бойынша бұл қажылық айы.
Оны әрбір мұсылман өмірінде бір атқаруы тиіс. Жер бетінде миллиондаған адамдар қажылық рәсімін атқарып жатыр. Елімізден 4 мың адам кетті, оның ішінде Солтүстік Қазақстаннан 15 адам бар.

Жалпы мұсылмандар бұл күндері құрбан шалуы керек. Етті жарлы-жақыбай, жетім- жесірлерге таратып берген дұрыс. Бір аңыздарда құрбандыққа шалған малың, жұмаққа апаратын пырағың болады делінген.  

  Қасымхан Абдоллаұлы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:
 – Кезкелген адам құрбан шала алмайды. 85 гр алтыны бар, соған тең келетін, бір жыл көлемінде  сақталатын ақшасы бар адамдар ғана шала алады.

Құрбандыққа шариғат бойынша сиыр, қой, ешкі, түйе   шалынады. Биылдан бастап орталық мешітте құрбан шалуға арналған орын да дайындалыпты. Осы шуақты күні әр мұсылман шаңырағында мол дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылды.

 Кәусар Аяпбергенқызы