Спорт

Волейболшы қыздар сайысы

 
Экономика-техникалық білім беру кешенінде волейбол турнирі осымен 8 жыл бойы өткізіліп келеді. Биыл дәстүрлі додаға 6 команда қатысуда.

  Александр Мерк,  экономика-техникалық білім беру кешенінің президенті:
– Колледж дәстүрлерге бай.

  Александр Мерк,  экономика-техникалық білім беру кешенінің президенті:
– Колледж дәстүрлерге бай.

Солардың бірі – спортты дамыту. Саламатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлеміз. Түрлі жарыстар ұйымдастырамыз.

Динара Сұртаева – Шақаудан келген топтың ойыншысы. Аталмыш құрама №23 мектеп командасымен өткен кездесуде жеңіске жетті. 5 жыл волейболмен айналысқан қыз ойын тартысты өткенін айтады.

  Динара Сұртаева , Шаховское командасының мүшесі:
– Маған спорттың бұл түрі өте ұнайды. Біздің команда республикалық жарыстарда 1-орын алады. Біз өте мықты командамыз. Дайындығымыз жақсы.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды колледж командасы еншіледі. Екінші орын Шақау ойыншыларына, ал 3-ші орын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің «БАРС» тобына бұйырды.

Айдана Демесінова