Құқық қорғау органдары

Учаскелік инспекторлардың есебі басталды

 

 

 

Жиынға аудан тұрғындарымен қоса, пәтер иелері кооперативтері мен саяжай қоғамдарының төрағалары қатысты. №12 аймақтық полиция пунктіне қарасты ауданда  қылмыстық ахуал тұрақты. Мұндай жағдай әркез сақталып тұруы үшін полицейлер пәтерлер мен подъездердің қауіпсіздігін күшейтіп,  арнайы дабыл құралдарын орнату қажеттігін еске салып өтті. Өз кезегінде азаматтар экономикалық колледж маңында жылдамдықты шектеу белгісін қойып, «Эльдорадо» сауық құру орталығы маңында түнгі уақытта тәртіп орнатуды сұрады. Борки поселкесінің  тұрғындары  ауданда қосымша полиция бекетін ашу керектігін алға тартты. Автокөліктерді түнгі уақытта аулада қалдыру, спирттік ішімдіктер саудасы және тұрақты мекенжайы жоқтар мәселесі кездесудің ең көкейтесті мәселелеріне айналды. Оларға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды. Енді екіжақты өзара келісімге ұласатын мұндай кездесулерді барлық 12 аймақтық полиция бекетінде өткізу көзделуде.
 
 Кәусар Аяпбергенқызы