Ауыл шаруашылығы

Сенбілік жәрмеңке

 

 

 

 
Ғ.Мүсірепов ауданы бұл жолғы саудаға бал ғана шығарды. Бірақ сөрелерде шипалы өнімнің қарақұмық, түйебұршақ, гүлді сияқты 10 шақты түрі самсап тұр. Келісін 800-900 теңгеден алуға болады. Бал іздегендердің үлкен кезегі Шуцкийлер отбасы ұсынған өнімді таңдап жатыр. 23 жыл бойы омарташылықты кәсіп еткен отбасы жәрмеңкеге алғашқы жыл қатысып отыр.

  Лилия Щуцкая,  сатушы:
 –  Біз аса көп бал әкелген жоқпыз. Өйткені қарақұмықтан алынатын бал түрі солтүстікте аз өндіріледі.  Бізде 100 ара отбасы бар.

Ал тимирязевтықтар саудалап жатқан етке тұтынушылар тіпті таласып та қалды. Себебі сапалы жас ет, қолжетімді баға. Кесегінің келісі 620, жауырын еті 560 теңге тұрады. Бір өкініштісі,  бұл жолғы өнім аздау болып қалды. Алжапқыш байлап саудаға өзі кіріскен Целинный ауылдық округінің әкімі Жәкібай Мәтенов мұның бәрі биылғы жем-шөптің аздығынан дейді.

Жәкібай Мәтенов, Тимирязев ауданы Целинный ауылдық округінің әкімі:
 –  Сауда өте жақсы жүріп жатыр. Өнімнің бағасын бізге департамент белгілеп береді. Өзіміз бір тиын да қоспаймыз. Бірақ беретін жерлері өте тар. Етті жая алмаймыз.

Не бары 2-3 сағаттың ішінде Тимирязев және  Тайынша аудандарынан әкелінген 1 700 келі ет пен 10 000 дана жұмырқа түгелдей дерлік сатылып бітті. 65 теңгенің картобы, 48 теңгенің ұны мен литрі 70 теңгеден саудаланған сүтті де петропавлдықтар талап алды.

 Тұрғындар:

– Бағалары өте қымбат, пенсия аз.
– Басқалардан қарағанда арзан. Сапасы жақсы.
– Жақсы осындай базар, арзан

Екі жақтан да қоштауға ие болып жатқан осындай жәрмеңке әр сенбіде өткізіледі. Келесі аптада осындай арзан және сапалы өнімдер тағы да  бірнеше базарда саудаға шығарылады.

 Кәусар Аяпбергенқызы