Ауа райы

Бас газет басшысының облысқа сапары

 

 

 

 

 “Егемен Қазақстан” – бастапқыда “Ұшқын ” деген атпен халыққа тараған қазақтың алғашқы басылымдарының бірі. Газетте Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сияқты біртуар азаматтар еңбек етті. Тоқсан жылдың ішінде газеттің мерзімділігі, таралымы, көлемімен қатар қозғайтын тақырыптары да көбейді.

  Сауытбек Әбдірахманов,  “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ президенті:

– Халқымызға тән кеңдік, толеранттылық, даналық- осының барлығы баспасөзден көрінеді. Біз компартияның негізінде құрылған газетпіз, осы компартияның да жақсы тұстарын ала білдік. Ол ұстамдылық, жеңіл сөйлемеу, ғайбат айтпау. Қарапайым, қатал қағидаттар “Егемен Қазақстанның” есінде.

Халықаралық қатынастар, үкіметтегі өзгерістер, өңір өмірі, ауыл жағдайы – “Егемен Қазақстан” назарында ұстайтын негізгі бағыттар. Жалпыұлттық республикалық газет аптасына 5 рет шығады. Таралымы 160 мың дана. Жыл сайын жазылушылар қатары өсіп келе жатыр. Жазылымдағы солтүстікқазақстандықтардың да үлесі айтарлықтай.

  Сауытбек Әбдірахманов,  “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ президенті:

Облыс өмірімен танысу, проблемаларды білу. Атқарылып жатқан жұмыстарды білу. Солтүстік Қазақстан облысы газетке жазылу бойынша жан басына шаққанда 3-ші  орында. 6 300 ден артық газеті бар, келесі жылы 6 700 ге жеткіземіз.

Басылым басшысы “Егемен Қазақстанды” мемлекеттің қара жұмысын атқаратын газет деп санайды. Яғни, еліміздегі негізгі өзгерістердің барлығы осы басылым арқылы елге тарайды. Заң жобалары, қаулылар, келісімдердің мәтіндері де осы газетте.

Сәния Тұрлыбекова,  “Солтүстік Қазақстан ” газетінің корректоры :
Біз “аға газет” дейміз «Егемен Қазақстанды», осы газеттен үлгі аламыз. Көбіне ресми материалдарды оқимын. Әр облыстардың беттері болады.

Зарина Ахметжанова , СҚМУ студенті:

– Адамдар жан -жақты болуы үшін газеттерді оқуы керек. “Егемен Қазақстан” Қазақстан үшін, мемлекет үшін өте маңызды газет.

Әсем Сембина