Спорт

Кикбоксингтен облыстық чемпионат



 

Жыл сайынғы додаға биыл облыс командаларынан басқа Көкшетау қаласының спортшылары да қатысты. Жиыны 80 спортшы. Әрбіреуі өз жас дәрежесіне қарай жекпе-жекке шықты

  Нұрлан Әбдірахманов,  СҚО бокс және кикбоксинг федерациясының директоры:
 – Жарыс 7-ші қысқы Азия ойындары және Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп отыр.
Осы арқылы жастарға саламатты өмір салтын насихаттаймыз. Жеңімпаздар Республикалық жарысқа жолдама алады.

Ақжол Темірғалиев Мамлют ауданының намысын қорғап келген. Кикбоксингпен айналысқанына 1 жыл болыпты. Әзірге спортшы 1-ші жекпе- жекте қарсыласын жеңді. Былғары қолғап иесі осы тартыста топ жаратынына сенімді. Данияр Қажымұратовтың спорттың бұл түрінен тәжірибесі мол. Республикалық додаларда жүлделі орындарды иеленген. Спорт әуесқойы жуырда ҚР универсиадасының жеңімпазы атаныпты. 19 жастағы спортшы сайысқа жақсы дайындалған. Данияр өз күшіне нық сенімді. Дода үш күнге жалғасады. Ал сайыс жеңімпаздары қарашаның 14-і күні өтетін қорытынды жарыста белгілі болмақ.

Айдана Демесінова