Қылмыс

«КАМАЗ» шұңқырға түсіп кетті

 

 

“Спецавтобаза” кооперативінің жүргізушісі  Брусиловский көшесіндегі 21-ші үйдің ауласындағы қоқысты артып, кейін қайтпақ болған. Бірақ қалтарыста жолдың көбесі сөгіліп, көлік бір жағына қисайды да қалды. Бұл тұрғындарды таңдандырған жоқ. Себебі олар құбырларды жөндеу кезінде асфальттың сапасын нашарлатқан кәсіпорынның ісіне куә болған. Сазға малтыққан көлікті екі кран алып шықты.

  Алексей Трошкин, “Спецавтобаза” өндірістік кооперативінің жүргізушісі:

– Аулаға Мир көшесінен кірдім. Кейін шығарда көлігімнің доңғалақтарының  жерге кіріп бара жатқанын сездім. Шығуға әрекет жасау орынсыз еді. Себебі асфальт байқалмады. Қиыршық тас та жоқ. Саз балшықтан шығу оңай іс емес.